RU
Толық нұсқаға өту

Елімізде жастардың 80,1 пайызы отбасы құндылықтарын бірінші орынға қояды

11.09.2026, 16:14 40

Бұл Қазақстанда жүргізілген әлеуметтік зерттеулер нәтижесінде белгілі болды. Ал бүгінде осы отбасын сақтау мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының біріне айналды. 

Бұл жайлы «Дәуірлер тоғысындағы отбасы» атты жиында айтылды. Қоғамдық даму институтының ұйымдастыруымен өткен шараға ғалымдар мен сарапшылар қатысып, ұрпақтар сабақтастығындағындағы отбасы құндылықтарына қатысты бірқатар мәселелерді талқылады. Әрі тарихи тұрғыдан Қазақстандағы неке мен отбасы институтының құрылуы сараланды. Сарапшылар, тарихи мұраны қазіргі үрдістерді талдаумен ұштастыру қажеттігін айтады. Айта кетейік,  қазір елімізде 6 млн 200 мың отбасы бар. Ал ЮНИСЕФ жүргізген зерттеулерге сүйенсек, әке тәрбиесін көрген бала депрессияға сирек ұшырайды әрі сабақ үлгерімі көш ілгері болады. 

Ләззат Сүлеймен, ҚР Президенті жанындағы әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссия төрағасының орынбасары:

- Мемлекеттік саясаттың бастыларының бірі – отбасын сақтау. Ажырасуларды азайту және отбасына ұлттық құндылықтарды енгізу. Сондықтан еліміздегі сарапшылар осы мәселені ароы қарай қалай орнықтырамыз деген сұрақтарға жауап береді. Мемлекет ретінде ұлт ретінде  өзіміздің бірегейлігімізді сақтап қалу үшін біз негізгі ұлттық құндылықтарымыздың негізінде жастарды тәрбиелеуіміз керек. 

Қайрат Қамбаров, Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы:

- 7-13 қыркүйек аралығында отбасы апталығы өтіп жатыр. Қазір мыңға жуық іс-шара жоспарланып өтіп жатыр. Жас балалар тәрбиенің бәрін бірінші кезекте отбасынан алады. Сондықтан мемлекет тарапынан көптеген бағдарламалар жүзеге асырылуда.

 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz