RU
Толық нұсқаға өту

Есірткі бизнесімен күреске ЖИ қолданылады 

11.09.2026, 19:49 44

Түркі мемлекеттері ұйымының құқық қорғау органдары есірткі бизнесімен күресте күш біріктіреді. 

Қазір цифрлық технология мен криптовалютаны және онлайн платформаларды пайдаланатын қылмыстық топтардың жолын кесу маңызды. Бұл туралы Түркі мемлекеттері ұйымы Бас прокурорлар кеңесінің 5-ші отырысында айтылды. Жиында бас прокурор Берік Асылов бірлескен тергеу жүргізу ісінде және қылмыскерлерді анықтауда жасанды интеллектіні кеңінен пайдалануды ұсынды. Жалпы кейінгі бес жылда елде 400-ден астам есірткі зертханасы жойылып, 75 ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды. Отырыста Қазақстан тарапы Ұлттық таргетинг-орталықтар желісін құруды ұсынды. Сондай-ақ Президенттің тапсырмасы бойынша есірткі арналарын анықтап, оларға жедел тосқауыл қоюға арналған халықаралық цифрлық платформа құру мәселесі пысықталды. Пилоттық жобаны Өзбекстанмен бірлесіп іске асыру жоспарланып отыр.

Берік Асылов, ҚР Бас прокуроры:

- Бауырлас елдердің арасында қалыптасқан құрмет пен сенім өзара іс-қимылды одан әрі мазмұнды әрі нәтижелі ете түседі. Бүгінгі кездесу бізге өзекті мәселелерді нақты талқылауға және бірлескен қызметіміздің алдағы бағытын айқындауға мүмкіндік беретініне сенімдімін. Баршаңызға жемісті жұмыс, мазмұнды пікірталас және бауырлас елдердің Бас прокуратурасы арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтатын жаңа шешімдер тілеймін.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz