Биыл елде 9 энергия блогын, 55 қазандық пен 51 турбинаны күрделі жөндеу жоспарланған. Бұл жұмысқа 384 млрд теңге бөлінді.
Алдағы жылу маусымына дайындық барысын баяндаған мамандар қыста отын тапшылығы болмайтынын айтты. Энергетика министрлігінің ақпарынша, қазір энергия көздерінің қоймаларында 4,2 млн тонна көмір және 137 мың тонна мазут жинақталған. Коммуналдық-тұрмыстық сектор мен халықтың көмірге қажеттілігі – 7,5 млн тонна. Сұраныс бекітілген жоспар-кестеге сәйкес қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар көмір тасымалына мониторинг жасайтын арнайы цифрлық платформа жұмыс істейді.
Тегтер #жылыту маусымы #дайындық #отын тапшылығыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz