Елде еңбек мигранттарына арналған рұқсат құжаттары мен оның мерзімін ұзарту рәсімдері онлайн тәртіпке көшірілді.
Бұл шетелдіктер үшін мемлекеттік қызметтерді алу процесін айтарлықтай жеңілдетті. Шетел азаматтарына Қазақстан аумағында жеке тұлғалардың үй шаруашылығында жұмыс істеуге рұқсат алу немесе оның мерзімін ұзарту үшін Халыққа қызмет көрсету орталығына баруының қажеті жоқ. Медициналық анықтама мен сақтандыру туралы мәліметтер мемлекеттік жүйелерден автоматты түрде алынады. Рұқсат беру немесе оның мерзімін ұзарту туралы шешімді аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы мекемелері Ішкі істер органдарымен келісілгеннен кейін қабылдайды. Рұқсат 1 айдан 12 айға дейінгі мерзімге беріледі.
Сабыржан Сейтжанов, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі көші-қон комитеті басқармасының басшысы:
- Рұқсат алу үшін электронды үкімет порталын немесе «Миграция. Еңбек.кз» сайтын қолдануға болады. Онлайн жүйе арқылы рәсімдеу көп уақытты қажет етпейді. Еңбек мигранттарына рұқсат құжаттарын рәсімдеу бойынша мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі екі жұмыс күнін құрайды. Шетелдік жұмыс күші үшін 5 жұмыс күнін құрайды. Осы жылдың 16 наурызынан бері 150 мыңнан астам өтініш қаралды.
Тегтер #шетел азаматтары #еңбек мигранттары #онлайн форматPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz