RU
Толық нұсқаға өту

Қостанай облысында ауылдағы кәсіпкерлікті дамытуға ₸700 млн бөлінді

12.09.2026, 13:05 51

Қостанай облысында «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша кәсіпкерлікті дамытуға 700 млн теңге бөлінді. Биыл 57 жоба мақұлданып, тұрғындарға жеңілдетілген несие берілді.

Олардың басым бөлігі мал шаруашылығын дамытуға жұмсалды. Бағдарламаға жеке тұлғалармен қатар бұрыннан жұмыс істеп келе жатқан шаруашылықтар мен кәсіпкерлер де қатыса алады. Бірінші кезекте атаулы әлеуметтік көмек алатындарға басымдық беріледі.

Серік Байғонов, фермер:    

- Бес күннің ішінде түсіріп берді. 30 млн теңгеге 297 қой алдық, оның ішінде жетеуі қошқар. Енді жұмыс жүріп жатыр, айлығын төлейміз. Қазір ет өсіп жатыр. Мынау Еділбай дейтін өзіміздің қазағымыздың қойының сапасын көтерейік.

Кәмшат Жұматова, «Тобыл» ӘКК бас менеджері:

- Соңғы жылдары ауылды дамытуға үлес қосып, жаңа жұмыс орындарын ашқандарға, өнім өндірушілерге айтарлықтай қолдау болды. Негізінен мал бағып, ет-сүт өндіретіндер қаржыландырылған. Жалпы бұл бағдарлама ауыл экономикасын жақсартуға ықпал еткені сөзсіз.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz