Алматыдағы Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде алғаш рет Студенттік құрылтай жұмысын бастады.
Жаңа құрылым жастардың ұсыныстары мен бастамаларын жинақтап, оқу ордасының қоғамдық жұмыстарына белсенді қатысуына мүмкіндік береді. Студенттік құрылтайдың төрағасы сайланып, негізгі бағыттар бойынша комитет жетекшілері анықталды. Олар ғылым және академиялық сапа, инфрақұрылым, цифрлық даму, экология, мәдениет, әлеуметтік мәселелер мен инклюзия, кәсіпкерлік, құқықтық сауаттылық бағыттары бойынша жұмыс істейді. Студенттік құрылтай Қазақстан Студенттер Альянсы және өзге де жастар ұйымдарымен байланыс орнатуды көздейді. Негізгі міндеті – студенттердің мүддесін білдіру, олардың бастамаларын қолдау және университет басшылығымен тұрақты диалог орнату.
Бейбіткүл Кәрімова, ҚазҰҚПУ Басқарма төрағасы – Ректоры:
- Құқықтық сауаттылықты арттыру, академиялық адалдықты сақтау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру, қоғамға ең бастысы пайдалы болу. Міне, осы бағыттардың барлығы комитеттерде қаралатын болады. Сонда университет пен студент, жалпы қоғам мен жастар бір-бірінен алшақтамай, керісінше студенттердің үнін тыңдау. Студенттердің қажеттіліктерін білу, сұранысын білу олардың қоғам дамуына белсенді араласуына үлкен алаң болады деп есептейміз.
Тегтер #24KZ #Студенттік құрылтай #Алматы #ҚазҰҚПУ #университет #қолдауPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz