Бүгін Үндістан астанасында БРИКС XVIII саммиті басталды. Маңызды халықаралық жиынға ұйымға мүше және серіктес мемлекеттердің басшылары мен өкілдері қатысады.
Басқосу аясында тараптар тұрақтылық, инновациялар, ынтымақтастық және орнықтылық мәселелерін талқылайды. Саммит 12-13 қыркүйек күндері өтеді. БРИКС – 2001 жылы құрылған ұйым. Дамушы елдердің экономикалық күшін біріктіру арқылы әлемдік экономикалық тәртіптің жаңа үлгісін ұсынуды көздейді. Қазір ұйымға Бразилия, Қытай, Иран, Ресей және Сауд Арабиясын қоса есептегенде 11 мемлекет кіреді.
Тегтер #Үндістан #БРИКС XVIII саммиті #Мемлекет басшысы #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz