RU
Толық нұсқаға өту

Береке бірлігі жарасқан отбасы

12.09.2026, 23:15 333

Ширек ғасырға жуық жарасымды ғұмыр. Астаналық Дүйсебековтер отбасының бүгінгі бейнесі осы. 

Жарасымды әулет кезекті белесін тойлады. Көпке үлгі болған шаңырақ дәстүрлі «Мерейлі отбасы» байқауының қалалық кезеңінде жеңімпаз атанды. Енді республикалық сайыста елдегі ең үздік отбасы атағына таласады. Әділжан мен Гүлбану Дүйсебековтер 2003 жылы отау құрды. Бүгінде олар бес қыз бен екі ұл тәрбиелеп отыр. Отағасы – әскери қызметші, ал – Гүлбану оқытушы. Берекесі мен мерекесі жарасқан жанұяның ендігі арманы ұрпағына әдемі ғұмыр сыйлау. 

Гүлбану Дуйсебекова, қала тұрғыны:

- Жалпы үлкен жауапкершілік. Бастысы, баламызға адал азамат бол, ешкімнің ала жібін аттама деп үйретеміз.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz