RU
Толық нұсқаға өту

Шаруаларға 11 млрд текше метр су берілді

12.09.2026, 23:24 38

Елде суару маусымы аяқталуға жақын. Вегетациялық кезеңде шаруаларға шамамен 11 млрд текше метр су беріліп, 1,16 млн гектар жер суарылды.

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Түркістан облысына жұмыс сапары аясында жергілікті шаруа қожалықтары өкілдерімен кездесті. Әңгімелесу барысында биыл «Қазсушар» кәсіпорны суармалы су беру жөнінде 12 мың 409 келісімшарт жасасқаны айтылды.

Нұржан Нұржігітов «Достық» мемлекетаралық каналына барып, нысан ғимараттарында жүргізілген күрделі жөндеу жұмысының нәтижесін көрді. «Достық» каналында 62 маман еңбек етеді. Министрлік тапсырмасымен жұмыскерлердің жалақысы орта есеппен 55%-ға көтеріліп, ең төменгі айлық мөлшері 94 мың теңгеден 226 мың теңгеге жетті. «Су саласы мамандарының тынымсыз еңбегінің арқасында биыл елдің оңтүстігіндегі бес облыста суару маусымы тұрақты өтті», - деді министр.

Нұржан Нұржігітов, ҚР Су ресурстары және ирригация министрі:

- Осы каналдың жұмысының тиімділігін көтеруіміз керек. Үш каналға насос қойдық. Мысалы, судың деңгейі төмен түсіп кетсе, сол насостармен шаруа қожалықтарға суды жеткізіп беру керек. Былай айтқанда вегетация кезінде ауа райы, тоқтамайды ғой тірлік. Су беру керек шаруашылықтарға. Сондықтан біздің жұмысымыз осы бағытта.

Қалжан Жаймырза, Отырар ауданының диқаны:

- Былтыр суға қатысты өтініш жасап едік. Міне, биыл орындалып жатыр. Атқарылып жатқан жұмыстар үшін министрлікке рақмет айтқымыз келеді. Қазір каналдар бетондалып, сорғылар орнатылып жатыр.

Жұмабек Тілеумбетов, «Достық» каналының технигі:

- Жалақымыз да айтарлықтай көтерілді. Шынымды айтсам, ризашылығымызды қалай жеткізерімді білмей тұрмын. Су жеткізу мәселесі бір тәртіпке келтірілді. Биыл суару маусымы жақсы өтті. Ешқандай мәселе болған жоқ.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz