Қызылорда облысының Арал ауданында учаскелік полиция инспекторын өлтірді деген күдікпен 39 жастағы ер адам ұсталды. Сот санкциясымен күдікті қамауға алынды, деп хабарлайды «24KZ».
Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, ұсталған азамат – Арал ауданының тұрғыны.
Бұған дейін олардың арасында тұрмыстық жанжал болғаны хабарланған. Кикілжің кезінде учаскелік инспектор дене жарақатын алған. Кейін алған жарақатынан қайтыс болған.
Оқиға кезінде полицей еңбек демалысында болған.
Қазір қылмыстық істі тергеу барысы Қызылорда облысы Полиция департаменті басшылығының бақылауында. Тергеу мүддесіне байланысты істің өзге мән-жайы жарияланбады.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз
Тегтер #Қызылорда облысы #қылмыс #полиция #күдікті #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz