RU
Толық нұсқаға өту
фото: ТЖД

Ертіс өзенінде қайық аударылып, бір адам жоғалып кетті

14.09.2026, 10:01 61

Ертіс өзенінде аударылып кеткен қайықтағы 5 адамның біреуі әлі табылмай жатыр,  деп хабарлайды «24KZ».

Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, іздеу жұмыстарына жедел-құтқару жасағының 6 қызметкері, 3 жүзу құралы және эхолоттар жұмылдырылған.

Эхолоттың көмегімен Ертіс өзенінің 35 шақырымға дейін түбі зерттелген. Сонымен қатар сүңгуірлер 11 рет суға түсіп, өзен түбінің шамамен 5 мың шаршы метр аумағын тексерген.

Оқиға Жанауыл ауылының маңында болған. Бұл жерде алюминий қайық аударылып кеткен. Оның ішінде 5 адам болған. Төртеуі өз бетімен жағаға шыққан. Ал 1983 жылы туған ер адам суға батып кеткен болуы мүмкін.

Қазіргі уақытта іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz