Жетісу өңірінде Орталық Азия елдері әскерлерінің «Шеп-2026» бірлескен оқу-жаттығуы басталды. Мақсаты – Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан сарбаздарының әскери даярлығын пысықтау.
Жылда өтетін оқу-жаттығу биыл қыркүйектің 13-18 аралығына белгіленген. Оған 1500-ге жуық әскери қызметші, 300-ден астам қару-жарақ, әскери және арнайы техника, оның ішінде 115 ұшқышсыз ұшу аппараты тартылған. Айта кетерлігі, әскери іс-қимылдар таулы-шөлейт жерлердің ерекшелігін ескере отырып жүргізіледі. Қазақстанның Шекара қызметі мен Ұлттық ұланы бөлімшелерімен өзара іс-қимылына да баса назар аударылады. Бірлескен іс-қимылға ҚР Қарулы күштері Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысы Мақсұт Гусейнов басшылық етеді.
Тегтер #24KZ #Жетісу облысы #Шеп2026 #оқу жаттығу #Орталық Азия #әскериPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz