RU
Толық нұсқаға өту

Алматы облысында елдің үздік парашютшілері анықталды

14.09.2026, 15:40 63

Алматы облысында парашют спортынан Қазақстан мен Қарулы күштердің 32-ші чемпионаты аяқталды. «Байсерке» оқу-жаттығу аэродромында өткен бәсекеге 15 командадан 45 спортшы қатысты.

Олар 900 метрден 3 мың метрге дейінгі биіктіктен секіріп, дәл қону, жеке және топтық акробатикадан шеберліктерін сынады. Қарулы күштердің Парашюттік даярлық орталығының үш әскери қызметшісі үздік нәтиже көрсетті. Денис Исламов, Мирас Сейітжапаров және Жақсылық Ерназар жекелеген жаттығуларда жеңімпаз атанды. Жарыс барысында 400-ден астам парашютпен секіру орындалды. Спортшылардың көрсеткіштері электронды жүйе арқылы тіркелсе, акробатикалық жаттығулар арнайы оптикалық құралдардың көмегімен бағаланды. Енді осы қорытынды бойынша Қазақстан мен Қарулы күштердің құрама командалары жасақталады. Олар алдағы халықаралық жарыстарда ел намысын қорғайды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz