RU
Толық нұсқаға өту
Фото: ЖИ арқылы жасалған

Өскеменде оқуға түсуге көмектесемін деп 3 млн теңге алған алаяқ ұсталды

14.09.2026, 17:03 51

Өскеменде медициналық университетке түсуге көмектесемін деп 3 млн теңге алған ер адам ұсталды, деп хабарлайды 24KZ.

Полицияның мәліметінше, Өскемен тұрғыны медициналық университетке түспек болған. Күдікті өзін басқа есіммен таныстырып, қажетті құжаттарды рәсімдеуге және оқу орнына қабылдануына көмектесетінін айтқан.

Күдіктінің сөзіне сенген жас жігіт оған қажетті құжаттары мен 3 млн теңгесін берген. Алайда уәде орындалмаған. Құжаттар оқу орнына тапсырылмай, талапкер университетке түсе алмаған. Ал күдікті ақшаны қайтармаған.

Жедел-іздестіру шаралары кезінде полицейлер күдіктінің кім екенін анықтап, оны полиция бөліміне жеткізді.

Осы факті бойынша «Алаяқтық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Полиция азаматтарды жоғары оқу орнына түсіруге, жұмысқа орналастыруға немесе басқа да мәселелерді ақшаға шешіп беремін деген адамдарға сенбеуге шақырады. Мұндай уәделер алаяқтық схемасының бір бөлігі болуы мүмкін.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz