Қазақстан әлемдегі бәсекеге қабілетті экономикалар рейтингінде үздік 40 елдің қатарына енді. IMD World Competitiveness Center жариялаған жаһандық зерттеуде еліміз 65,4 балл жинап, 38-ші орынға тұрақтады.
Бұл – ТМД елдері арасындағы ең жоғары нәтиже. Халықаралық рейтингке 70 мемлекет енген. Олардың экономикасы төрт негізгі бағыт бойынша сараланды: экономикалық көрсеткіштер, мемлекеттік басқарудың тиімділігі, бизнес және инфрақұрылым. Жалпы рейтингте Қазақстан Испания, Португалия, Польша және Италия секілді елдердің алдына шықты. Ал рейтинг көшін Сингапур бастады. Алғашқы ондыққа Гонконг, Швейцария, Тайвань, Біріккен Араб Әмірліктері, Дания, Ирландия, Нидерланд, Швеция және АҚШ кірді.
Тегтер #24KZ #Қазақстан #үздіктер #ТМД елдеріPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz