RU
Толық нұсқаға өту
Фото: depositphotos.com

Шымбұлақтағы аспалы жолдар жабылады

15.09.2026, 09:19 40

Шымбұлақ тау-шаңғы курортындағы аспалы жолдар 12 қазаннан бастап жоспарлы техникалық жұмыстарға байланысты уақытша жабылады, деп хабарлайды «24KZ».

Курорт әкімшілігінің мәліметінше, көтергіштер профилактикалық жұмыстардан өтіп, жаңа маусымға дайындалады.

Жабылу мерзімі:

M1 «Медеу – Шымбұлақ»– 19 қазаннан;
K-1 – 19 қазаннан;
K-2 – 19 қазаннан;
KKD-4 – 12 қазаннан.

Барлық аспалы жолдар 1 қарашадан бастап қайта жұмыс істейді.

Сонымен қатар инженерлік инфрақұрылымды жаңғыртуға байланысты Шымбұлақ шатқалындағы автожол 30 қарашаға дейін жабық болады.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz