Әзірге тек жоба болса да, негізі әлеует жоғары. Осылайша, отандық авто зауыттардың сұранысын жергілікті жерде өтеу көзделіп отыр.
Мәселен, машинаның бәсеңдеткіш құрылғысы, орындық қаптама, еден жабыны мен сымдар орамын және дөңгелек дискілерін де шығаруға болады. Бұл – Президентке таныстырылған Қазақстан мен Оңтүстік Кореяның инвестициялық жобаларының бір парасы ғана. Сондай-ақ Қостанайда KIA компаниясының өңірден ұзамай өндіру орталығы ашылатыны айтылды. Мемлекеттер медицина саласын көтеруге де мүдделі. Корейлік басқару үлгісі мен тың технологиялы көпбейінді аурухана салу жоспарланған. Дрондар құрастырып, ультрадыбысты диагностика жүйелерін жасау да ортақ мақсат екеніне мән берілді.
Тегтер #инвестициялық жобалар #Алматы #көлік бөлшектеріPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz