Air Astana Дубайға тұрақты рейстерін қайта іске қоспақ. Алматыдан әуе қатынасы 1 қазаннан, ал Астанадан 2 қазаннан бастап қалпына келтіріледі, деп хабарлайды «24KZ».
Әуе компаниясының мәліметінше, Алматы – Дубай – Алматы бағыты бойынша рейстер 1 қазаннан басталады. Қазан айында ұшу жиілігі біртіндеп артып, ай соңына қарай аптасына 12 рейске дейін жетеді.
Ал Астана – Дубай – Астана бағыты бойынша тұрақты рейстер 2 қазаннан орындалады. Ай ішінде рейстер саны кезең-кезеңімен көбейіп, қазанның соңына қарай аптасына 10 рейске дейін жеткізіледі.
Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты рейстер кестесіне өзгеріс енгізілуі мүмкін. Бұл жағдайда жолаушыларға қосымша ақпарат беріледі.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз
Тегтер #24KZ #24жаңалықтар #Air AstanaPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz