Астанада елордалық полицейлер есірткі заттарын сақтап, таратты деген күдікпен 33 жастағы ер адамды ұстады, деп хабарлайды «24KZ».
Тінту барысында ер адамның бел сөмкесінен сұр-жасыл түсті, өзіне тән иісі бар, марихуана салынған түйіншектер табылды. Күдіктінің пәтерін тінту кезінде әртүрлі жерлерден түрлі түсті изолентамен оралған, құрамында ұқсас зат бар екі мыңнан астам түйіншек анықталды.
Сонымен қатар сұйық консистенциялы зат құйылған түтікшелер табылды. Сараптама қорытындысына сәйкес, аталған зат гашиш майы болып шықты. Тәркіленген есірткі заттарының жалпы салмағы 2 келіден асты.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Медициналық куәландыру барысында ұсталған адамның есірткі заттарын қолданғаны да анықталды. Ер адамның мессенджерлер арқылы тыйым салынған заттарды таратумен айналысатын интернет-дүкен үшін «қойма» қызметін атқарғаны анықталды.
Қазіргі уақытта есірткінің заңсыз айналымына қатысы бар өзге де тұлғалар анықталып жатыр.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз
Тегтер #Астана #есірткі #күдікті ұсталды #полиция #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz