RU
Толық нұсқаға өту
Фото: ЖИ арқылы жасалған

Алматыда кәсіпкерлерден ақша бопсалады деген күдікпен ер адам ұсталды

16.09.2026, 16:32 65

Алматы қаласы Әуезов ауданының полиция қызметкерлері ақша бопсалау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды 24KZ.

Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам өзін қоғамдық белсенді ретінде таныстырып, кәсіпкерлікпен айналысатын азаматтардан жүйелі түрде ақша талап еткен.

Полиция департаментінің мәліметінше, күдікті мемлекеттік органдарға жүгінуі және кәсіпкерлердің жұмысына кедергі келтіруі мүмкін екенін айтып, қысым көрсеткен.

Ер адам ұсталып, Алматы қаласы полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Осыған ұқсас жағдайлар туралы хабарлаған бірнеше адам анықталды. Қазіргі уақытта тергеу барысында оқиғаның барлық мән-жайын анықтау және дәлелдемелерді бекіту бойынша қажетті шаралар қабылданып жатыр. Осындай фактілер туралы ақпараты бар азаматтарды полицияға хабарласуға шақырамыз, - деді Әуезов ауданы Полиция басқармасының бастығы Данияр Мендебаев.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz