RU
Толық нұсқаға өту

Жоғары аудиторлық палатаға 30 жыл толды

16.09.2026, 18:30 39

Астанада Жоғары аудиторлық палатаның 30 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Жиынға әлемнің 22 елінен Жоғары аудиторлық органдардың басшылары және халықаралық ұйымдардың өкілдері арнайы келген. Қатысушылар жасанды интеллектіні мемлекеттік секторға интеграциялау, ЖИ технологияларын пайдалану кезінде қауіпсіздік пен жауапкершілікті сақтау сияқты өзекті тақырыптарды талқылады.

Мерейтойлық кездесуге 22 мемлекеттен делегация Астанаға арнайы келді. Мәртебелі меймандарды Қазақстанның жоғары аудиторлық палата Төрағасы Алихан Смайылов өзі қарсы алды. Конференцияға салада салмағы бар кәсіби мамандар шақырылған. Олардың қатарында Азия жоғары аудит ұйымының төрағасы – Үндістанның бас бақылаушысы және аудиторы Шри К. Санджай Мурти және осы ұйымның бас хатшысы – ҚХР Ұлттық аудит кеңсесінің бас аудиторы Хоу Кай бар. Басты мәселе – цифрлық трансформация дәуірінде аудит жүргізу. Тәуекелдер мен тиімді шешімдер. ЖИ алгоритмдері пайдаланатын деректердің дәйектілігі мен сапасын қамтамасыз ету.

Әлихан Смайылов, Қр Жоғары аудиторлық палатасының төрағасы:

- Осы жылдары мемлекеттік аудит жүйесі күрделі даму жолынан өтті. Қазіргі таңда Жоғары аудиторлық палата тәжірибесі мықты, тәуелсіз, кәсіби мемлекеттік аудит институтына айналды. Тағы бір айтып кететін жағдай. Өте маңызды нәрсе – халықаралық АЗОСАИ ұйымының Басқарушы кеңесінің Қазақстанда алғаш рет өтуі. Бұл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың арқасында Қазақстанның әлемдік деңгейдегі белсенділігін және шетелдік әріптестеріміздің бізге көрсетіп отырған жоғары сенімін білдіреді.

Жоғары аудиторлық палата қызметіне жасанды интеллект элементтері енгізілген. Бүгінде АІ ассистент аудиторларға үлкен көлемді деректерді өңдеуге көмектеседі. Ал бірыңғай ақпараттық жүйе бюджет қаражатын алатын 18 мың субъектіні бақылауға мүмкіндік береді. Ол 20 мемелкеттік мекеменің жүйесімен біріктірілген. Мұнда 800-ден астам аудитор қызмет етеді. Мамандар қазына қаражаты қайда, қалай жұмсалатынын онлайн бақылайды. Сонымен қатар мемлекеттік аудиторларды сертификаттау жүйесі де автоматтандырылған.

Рүстем Нұрпейісов, ҚР Жоғары аудиторлық палатасының мүшесі:

- Жоғары аудиторлық палатаның міндеттерінің бірі – электронды аудит жүргізу. Бірыңғай ақпараттық жүйе осы міндетті жүзеге асыруға көмектеседі. Бұдан бөлек, бізде екі жасанды интеллект агенті іске қосылды. Бұл аудит барысына адамның қатысуын азайтып, жұмысты жылдам әрі тиянақты орындауға мүмкіндік береді.

Ресми бөлімнен кейін салаға еңбегі сіңген қызметкерлерге мемлекеттік және ведомствоаралық марапаттар табысталды.

Осылайша, мерейтойлық бағдарламаның алғашқы күні аяқталды. Алайда терең сараптамалық талқылаулар жалғасын табады. Ертең Қазақстанда алғаш рет Азия жоғары аудит органдары ұйымы Басқару кеңесінің 63-отырысы болады.

Авторлары: Ғазиза Мұхамеджанова, Артур Горшняков

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz