Батыс Қазақстан облысының Қаратөбе ауданында жұмыс берушілер міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға 2 млн теңгеден астам жарнаны уақытында аудармаған, деп хабарлайды 24KZ.
Бұл заң бұзушылықтарды аудан прокуратурасы медициналық сақтандыру саласындағы заңнаманың сақталуына жүргізілген талдау барысында анықтады. Соның салдарынан 123 жұмысшының медициналық көмек алу құқығы шектелген.
Жарналарды уақытылы аудармау фактілері «Қаратөбе» спорт клубы мен Ғарифолла Құрманғалиев атындағы Қаратөбе аудандық демалыс орталығының қызметінен анықталған. Тексеру 2024-2026 жылдар аралығын қамтыды.
Прокуратура енгізген ұсыныстан кейін берешек толық өтелді. Сонымен қатар аталған кәсіпорындардың директорлары Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 92-1-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Прокуратура міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналар мен аударымдарды уақытылы төлеу азаматтардың медициналық көмекке үздіксіз қол жеткізуінің маңызды шарты екенін еске салды.
Тегтер #24жаңалықтар #24KZ #МӘМС #БҚОPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz