RU
Толық нұсқаға өту

Шымкентте екі күнде 2,5 мыңға жуық жол ережесін бұзу дерегі тіркелді

16.09.2026, 19:25 48

Шымкентте екі күнде екі жарым мыңға жуық жол қозғалысы ережесін бұзу дерегі тіркелді. 

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, жолды белгіленбеген жерден кесіп өту, көлікті рұқсат етілмеген орынға қою және жаяу жүргіншілерге жол бермеу жайттары жиілеген. Осыған байланысты республикалық «Абайлаңыз, жаяу жүргінші!» акциясы ұйымдастырылып, білім беру ұйымдарының маңында қауіпсіздік күшейтілді. Жедел профилактикалық іс-шарасында жол белгілері мен бағдаршамдардың жай-күйі де тексерілді. 

Арман Қалдыбеков, қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасының аға инспекторы:

- Жол белгілерінің қисайып тұрғаны, сондай-ақ дұрыс жұмыс істемей, істен шығып тұрған бағдаршамдар бойынша тиісті мекемелерге нұсқама хаттар жіберіліп, олар 2 жұмыс күнінің ішінде ретке келтіріліп жатыр. Акцияның басты мақсаты – бірінші сыныпқа барған оқушыларға жолда жүру ережелерін нақты түсіндіру.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz