RU
Толық нұсқаға өту

«Сұңқар» өндіріс көлемін ұлғайтты

16.09.2026, 21:17 36

Қазақстанда 37 кәсіпорын жыл сайын 4,5 млрд дана жұмыртқа өндіреді. Солардың ішінде былтыр «Елдің таңдауы» атағына ие болған «Сұңқар» құс фабрикасы бар. 

Алматы облысында орналасқан ірі кәсіпорын өндіріс көлемін арттырып қана қоймай, жұмысшылардың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған жұмыстарды да жүйелі түрде жүргізіп келеді. Қазір мұндағы ең төменгі жалақы 435 мың теңге. 

«Сұңқар» құс фабрикасы толықтай заманауи технологиямен жабдықталған. Мұндағы жұмысшылардың басым бөлігі жақын ауылдардың тұрғындары. Кәсіпорын басшылығы еңбек қауіпсіздігі талаптарының сақталуына ерекше мән береді. Сонымен қатар жұмысшылардың әл-ауқатын арттыруды мақсат етіпті.

2022 жылдан бастап «Сұңқар» мемлекеттен субсидия алмайды. Соңғы 5 жылда ел қазынасына 3,45 млрд теңгеге жуық салық төлеген. Кәсіпорын тауыққа беретін жемді де өздері өндіреді. Ол үшін өткен жылы автоматтандырылған цех іске қосылыпты. Жем құсқа қажетті ақуыз бен көмірсуға бай. Мамандардың айтуынша, осылайша жұмыртқа сапасын бақылауға болады. Мұнда ай сайын 700 тоннадан аса жем өндіріледі.

Кәсіпорында 90-ға жуық адам жұмыс істейді. Соңғы төрт жылда жалақы 75 пайызға өсіп, ай сайынғы еңбекақы қоры 54 млн теңгеге жеткен. Әр қызметкер өз жұмысына жауапкершілікпен қарайды. Сол арқылы отандық өнімнің сапасын арттыруға үлес қосуда.

Ернұр Рысбай, Валентин Лобанов

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz