Тарбағатай ауданының Тұғыл ауылдық округіндегі Зайсан көлінде суға батып кеткен екі балықшыны іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды «24KZ».
ТЖД мәліметінше, қайықта үш адам болған және көлде балық аулаған. Қатты желдің салдарынан қайық аударылып қалған. 1968 жылы туған балықшылардың бірі өздігінен жүзіп үлгерген және оны жергілікті тұрғындар құтқарған. 1968 және 1995 жылы туған екі адам суға батып кетті. Балықшыларда құтқару кеудешелері болмаған.
Оқиға орнында жедел штаб құрылды. Іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін ТЖД күштері мен құралдары, ұшқышсыз ұшу аппараттары, қайықтар, жүзу құралдары және суасты дрондары жұмылдырылған. Іздеуге жергілікті тұрғындарда қайықпен қатысуда. Іздеу жұмыстары жалғасуда.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз
Тегтер #Тарбағатай ауданы #Зайсан көлі #суға батып кетті #ТЖД #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz