Қазақстан азаматтары Индонезияға визасыз кіріп, ел аумағында 30 күнге дейін бола алады, деп хабарлайды 24KZ.
Индонезия Сыртқы істер министрлігінің шешімімен жаңа тәртіп 2026 жылдың шілдесінен бастап күшіне енді. Визасыз режим ұлттық паспорт иелеріне қолданылады.
Индонезия тарапы бұл шешімді қабылдағанда өзара визасыз режим қағидатын да ескерген. Қазақстан бұған дейін Индонезия азаматтарына елге 30 күнге дейін визасыз кіруге мүмкіндік берген.
Жаңа талап бойынша Индонезияға визасыз кіру тегін және бір реттік болып саналады. Елде болудың ең ұзақ мерзімі – келген күннен бастап 30 күн. Бұл мерзімді ұзартуға болмайды.
Сонымен қатар, Индонезияға шетелден келетін барлық жолаушы «All Indonesia» электронды декларациясын толтыруы қажет. Бұл талап 2025 жылғы 1 қазаннан бастап енгізілген.
Декларацияны тегін толтыруға болады және оны елге келгенге дейін алдын ала рәсімдеуге мүмкіндік бар.
Тегтер #24жаңалықтар #24KZ #Индонезия #визаPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz