RU
Толық нұсқаға өту

Егістікке 11,1 млрд текше метр су жіберілді

17.09.2026, 15:15 48

Елде егістік алқаптарын суару маусымы аяқтала келді. Биыл су шаруашылығы ұйымдары мен агроқұрылымдар арасында 42 мыңнан астам келісімшарт жасалған. Соның негізінде 1 млн гектардан астам алқапты суаруға 11 млрд текше метрден астам су жіберілді. Салалық министрліктің ресми мәліметі осындай. 

Тіршілік нәрін үнемдеу үшін оңтүстік өңірлердегі күріш алқаптарының көлемі 100 мыңнан 79 мың гектарға дейін қысқарды. Бүгінде ірі су қоймалары орташа есеппен 67 пайызға толып тұр. «Бұл гидрологиялық тұрақтылықты сақтауға жеткілікті», - дейді мамандар. Сонымен қатар саланың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында цифрлық жүйелер енгізілді.

Сейілбек Нұрымбетов, ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің комитет төрағасы:

- Алғаш рет «Қазсушардың» кәсіпорындары мен тұтынушылар арасындағы шарттық қатынастар толықтай цифрландырылды. Қолма-қол есеп айырысу алынып тасталды. ЖИ құралдарын пайдалана отырып, суармалы жерлерге ғарыштық мониторинг енгізіліп, соңғы жылдары барлық өңірде суды рұқсатсыз алып келген су пайдаланушылар көлеңкелі айналымнан шығарылып, оларға тиісті құжаттарды рәсімдеу шаралары атқарылды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz