RU
Толық нұсқаға өту

Шартты түрде мерзімінен бұрын босату тетіктері талқыланып жатыр

17.09.2026, 16:00 41

Қылмыс жасағандарды шартты түрде мерзімінен бұрын босату тетіктері қайта қаралып жатыр. Бүгін Жоғарғы сотта өткен дөңгелек үстелде қылмыстық заңнамаға тиісті өзгерістер енгізу жайы талқыланды. Судьялар, прокуратура органдарының өкілдері, судьялар мен заңгерлер бас қосып, сот практикасын жетілдіруге қатысты өз ұсыныстарын ортаға салды.

Мәселен, қазір қылмыскерлерді шартты түрде мерзімінен бұрын босату кезінде жәбірленушінің пікірі назарға алынады. Енді бұл азаматтар шығындарды толық өтеп, тәртібі жағынан ескерту алмаса, олар қамаудан мерзімінен ерте шығу мүмкін. 

Сондай-ақ тараптарға дауды медиация арқылы шешу жолы ұсынылып отыр. Яғни сотталған адам мен жәбірленуші келтірілген зиянды өтеу тәртібін өзара келісе алады. Заң жобасында өтелетін шығын тізімі де белгіленді. Оған материалдық және моральдық зиянмен қатар емделу, жерлеу және жәбірленушінің адвокат жалдауға жұмсаған қаражаты кіреді. Түзетулер «Ашық нормативтік құқықтық актілер» порталында қоғамдық талқылауға ұсынылады, ал заң жобасын қараша айында қабылдау жоспарланған.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz