RU
Толық нұсқаға өту
Фото: gov.kz

Астанада жаяу жүргіншілер үш күнде 400-ден астам жол ережесін бұзған

17.09.2026, 15:54 47

Астана полицейлері жаяу жүргіншілер үш күнде 400-ден астам жол ережесін бұзғанын анықтады, деп хабарлайды «24KZ».

Астанада «Назар аударыңыз, жаяу жүргінші!» атты үш күндік акцияның қорытындысы шығарылды. Іс-шара барысында полицейлер жол қозғалысы ережелерін жүздеген мәрте бұзғанын анықтап, мектептер маңындағы жол инфрақұрылымын тексерді және оқушыларға қауіпсіздік бойынша ондаған сабақ өткізді.

Елорда әкімдігінің мәліметінше, 14-16 қыркүйек аралығында өткен рейд кезінде полиция қызметкерлері жаяу жүргіншілер тарапынан жасалған жол ережесін 400-ден астам мәрте бұзғанын және жүргізушілердің қиылыстардан өту тәртібін 127 мәрте бұзғанын анықтады.

Балалардың жол-көлік оқиғаларына ұшырауының алдын алуға ерекше көңіл бөлінді.

Елорда мектептерінде тәртіп сақшылары жолдан қауіпсіз өту ережелерін түсіндіретін 46 дәріс өткізіп, жаяу жүргіншілерге ақпараттық парақшалар таратты.
Сонымен қатар полиция білім беру ұйымдары, аялдамалар мен сауда орталықтарының маңындағы жаяу жүргіншілер өткелдерінің жағдайын тексерді.

Мамандар жол белгілерінің болуын, жол таңбаларының көрінуін, жарықтандырудың жұмыс істеуін және қоршаулардың бүтіндігін бағалады.

Астана қаласының Полиция департаменті жол қозғалысына қатысушыларды жол ережесін қатаң сақтауға тағы да шақырды. Жүргізушілерге жаяу жүргіншілер өткелдеріне жақындағанда мұқият болу, ал жаяу жүргіншілерге жолды тек белгіленген жерлерден кесіп өту ескертілді.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз  

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz