20 қыркүйек, жексенбі күні Қазақстан Республикасының Ұлттық музейіне кіру тегін болады, деп хабарлайды 24KZ.
Мұндай мүмкіндік әр айдың үшінші жексенбісінде беріледі. Бұл күні келушілер Қазақстанның ежелгі дәуірінен бүгінгі күнге дейінгі тарихымен таныса алады.
Музейде келушілер үшін мына залдар ашық:
• Астана залы
• Тәуелсіз Қазақстан залы
• Алтын залы
• Ежелгі және орта ғасыр тарихы
• Этнография
• Палеонтология
• Заманауи өнер залдары.
Айта кетейік, тегін кіру мүмкіндігі тек Қазақстан азаматтарына қатысты. Шетелдік көрмелер мен гид қызметі ақылы болады.
Тегтер #24жаңалықтар #24KZ #Ұлттық музейPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz