RU
Толық нұсқаға өту

Ортақ мүлік – ортақ жауапкершілік

17.09.2026, 18:00 53

Астанада ескі немесе 15 жылдан асқан үйлердің тізімі түзіліп жатыр. Сапасы сараптамадан өтеді. Себебі меншік иелері бірлестігі төрағаларына шағым көбейген.

Басты қауіп – қасбет. Соған байланысты қалалық прокуратураның бастамасы және қала әкімінің тапсырмасына сәйкес аудандарды аралау басталды.

Қас-қағым сәтте қасбеттен қауіп төнуі мүмкін. Сақтансаң сақтайды. Сондықтан тұрғындар көп қабатты үйлердегі кем-кетікті түгендеп, Астана қаласы әкімдігі мен прокуратурасына мыңдаған шағым түсіріп жатыр. Олқылықты жоюды талап етеді. Бірақ мәселе – мүліктің меншік иелері бірлестігі төрағасымен шешілетінін біле бермейді. Бұған негізі төрағалары қанық, заңда да анық жазылған.

Мәлік Еркебұлан, Астана қаласы тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы басшысының орынбасары:

- Тікелей заңда көрсетілген біздің тұрғын үй басқармасында ол жерде толыққанды үйдің тыныс-тіршілігіне, үйдің қамтамасыз етілуіне, оның басқаруына МИБ төрағалары жауап береді. Кез келген басқару компаниясы немесе МИБ төрағасы өзіне жүктелген міндеттеме бойынша үйдің кеңесімен толық зерделеп, қарап шығу керек.

Астанадағы 6 аудан әкімдігі көп қабатты үйлерді аралап жүр. Тұрғын үй инспекциясы басқармасы мен Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері тізімге сәйкес түсінік берумен әбігер. Жөндеу жүргізудің жөн-жосығы да айтылып жатыр.

Мәлік Еркебұлан, Астана қаласы тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы басшысының орынбасары:

- «Өркен қала» ведомстволық мекеме бар. Солардың көмегіне жүгініп, толық қанды күрделі жөндеу жүргізуге болады. Бірақ оған көбі қарсы. Неге десеңіз біз оны кепілсіз, пайызсыз атқарамыз. Сондықтан тұрғындар тарапынан наразылықтар бар. Яғни біз оны төлегіміз келмейді. Бізге тегін жасаңыздар, мердігерлер іздеңіздер. Басқа тұлғаларды спонсорлық етіңіздер деген ұсыныстар бар.

Бірақ әкімдік – жылу, жарық пен суға жауапты. Ал ортақ мүлік – пәтер және меншік иелері бірлестігінің ортақ жауапкершілігі. Яғни «баспаналарына тұрғындар өздері толықтай бас-көз болуы керек», - дейді жергілікті атқарушы билік. 

Авторлары: Нысаналы Ығыл, Ақылбек Есімсейітов

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz