RU
Толық нұсқаға өту

Владислав Вебер: ұлтым неміс болса да, жүрегім қазақ

17.09.2026, 22:00 75

Астана тұрғыны Владислав Вебер осылай дейді. Ол балаларға неміс тілінен дәріс оқиды. Вебер жұмыстан бөлек, қоғамдық ортада да қазақша сөйлегенді жөн санайды. 

Владислав Вебер Солтүстік Қазақстаның тумасы. Балалық шағы Шоқан Уәлиханов ауданының Мортук ауылында өтті. Кейін Көкшетау қаласында екі шет тілі мамандығы бойынша білім алды.

Владислав Вебер, неміс тілі мұғалімі:

- Мен қазіргі таңда Астана қаласында тұрамын. Өзім бұрын Көкшетау қаласында жұмыс істегенмін. Сонда білім алдым. №91 мектеп-гимназиясында неміс тілі пәні мұғалімі ретінде жұмыс істеймін. Өткенде кәсіби бағдар беруші болдым. Алайда қазір жаңа жұмысқа кеттім. Онымен қоса неміс тілін үйретем. Өйткені маған балалармен жұмыс істеген өте қызықты.

Бүгінде Владислав Қазақстандағы немістер республикалық қоғамдық ұйымының қамқоршылар кеңесі төрағасының орынбасары. Онда елдегі неміс халқының басынан кешкен тарихы мен мәдениеті зерттеледі. Кейіпкеріміз осы жұмыста жүріп, Қазақ еліне деген құрметім арта түсті дейді.

Владислав Вебер, неміс тілі мұғалімі:

- Қазақ тілін меңгеруде қиындықтар болған жоқ. Өйткені бұл – бала кезімнен бастап қанға сіңген дүние. Уақыт өте келе тілдерді зерттегенде ғана түсіндім. Тіл үйрену өте қиын. Сондықтан мен мұндай мүмкіндікті бала кезден пайдаланғаныма өте ризамын.

Владислав жұмыста әріптестерімен қазақша сөйлеседі. Себебі ол осылай ғана тіл байлығын арттырып, жаңа сөздер үйренуге болады дейді. 

Авторлары: Серік Селеубайұлы, Нұрсая Эльбрусова

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz