Әлеуметтік желіде өзін полиция қызметкері ретінде таныстырып, балағат сөздермен телефон арқылы қоқан-лоқы көрсеткен Шымкент қаласының 25 жастағы тұрғыны Әділхан Аягөз соттың қаулысымен 25 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды, деп хабарлайды «24KZ».
Анықталғандай ол бұған дейін де ұсақ бұзақылық бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған болатын.
Полиция азаматтарды заң талаптарын қатаң сақтауға, қоғамдық тәртіпті бұзбауға және өзге адамдардың құқықтары мен тыныштығына құрметпен қарауға шақырады.
Сондай-ақ, кез келген құқық бұзушылық үшін заңнамада белгіленген жауапкершілік көзделгенін ескертеді.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз
Тегтер #Шымкент #полиция #әлеуметтік желі #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz