ШҚО-да 36 жүргізуші өмір бойына көлік басқару құқығынан айырылды, деп хабарлайды «24KZ» Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Көлік жүргізу құқығынан айыру қайталама құқық бұзушылықтардың алдын алуға тиіс. Алайда жыл басынан бері Шығыс Қазақстан облысында бұған дейін жүргізуші куәлігінен айырылған 56 адамның масаң күйде көлік тізгіндегені анықталды. Қайталанған заң бұзушылықтар бойынша қылмыстық істер қозғалды. Оның ішінде 36 қылмыстық іс бойынша сот айыптау үкімдерін шығарды. Жүргізушілер қылмыстық жауапкершілікке тартылып, көлік жүргізу құқығынан өмір бойына айырылды.
Мұндай әрекет үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 346-бабында жауапкершілік көзделген. Заң бұған дейін жүргізуші куәлігінен айырылған адамның масаң күйде көлік тізгіндегені үшін жаза белгілейді.
Бұл талаптар тек автокөліктерге ғана қатысты емес. 2025 жылғы 5 сәуірден бастап мопедтер механикалық көлік құралдары санатына жатқызылып, міндетті мемлекеттік тіркеуге жатады. Сондықтан мопед тізгіндеген азаматтарға да масаң күйде жүруге байланысты заңнамада көзделген жауапкершілік қолданылады.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз
Тегтер #ШҚО #полиция #көлік жүргізушілері #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz