Елордадағы Алматы және Ақмешіт көшелерінің қиылысында көлік қозғалысы толық жабылады. Шектеу 19 қыркүйек сағат 21:00-ден бастап енгізіледі, деп хабарлайды «24KZ».
Аталған аумаққа тиісті жол белгілері мен бағыттаушы көрсеткіштер орнатылады. Өзгерістерді көлік жүргізушілері ғана емес, жаяу жүргіншілер де ескеруі қажет.
Алдағы уақытта Алматы көшесінен көлік тоннелі ашылады. Учаскеде құрылыс-монтаж жұмыстары жалғасып жатыр. Осыған байланысты қиылыс арқылы көлік қозғалысын толығымен шектеу туралы шешім қабылданған. Шектеу 2026 жылдың соңына дейін сақталады.
Автокөлік жүргізушілеріне балама бағыттарды алдын ала таңдап, сапарын жоспарлау кезінде жолдың жабылуын ескеру ұсынылады. Әсіресе Алматы және Ақмешіт көшелерімен үнемі жүретін жүргізушілер қозғалыс схемасындағы өзгерістерге назар аударуы қажет.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз
Тегтер #Астанa #жол белгілері #жол жөндеу #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz