RU
Толық нұсқаға өту

Павлодарда жаңа үй қолданысқа берілді

18.09.2026, 18:31 53

Павлодарда 200-ге жуық отбасы баспаналы болды. Ұзақ жылдар бойы үй кезегін күткен тұрғындарға пәтер кілттері салтанатты түрде табысталды. 

Көпқабатты үй Достық шағын ауданында пайдалануға берілді.

Бюджеттік салада еңбек ететін Меруерт Садықова осыған дейін қызымен жалдамалы пәтерде тұрып келген. «Қанша қиналсам да, ертеңгі күнге деген сенімімді жоғалтпадым», – дейді ол. Енді көптен күткен арманы орындалып, қолына баспана кілті тиді.

Меруерт Садықова, қала тұрғыны:

- Осы жерде 2010 жылдан бері тұрып келемін, бұл күнді 16 жыл күттім. Оған дейін қаншама жыл бойы үй жалдап тұрдым. Бүгін міне, өз баспанама қол жеткізіп, өте қуанып отырмын. Көңілімнен шықты, алғысым шексіз!

Жұпар Тәтиева баспана кезегін 15 жылдай күтіпті. Зейнеткерге жаңа үйден бір бөлмелі пәтер бұйырды.

Жұпар Тәтиева, қала тұрғыны:

- Дачный, Достық ауданы өте ұнады, жақсы екен. Жаңа салынған үйлер көп екен. Мен Ертіс ауданынан көшіп келдім. Жасым 71-ден 72-ге қарайды. Үй алып жатқандарға тілерім — осы шаңырақтары биік болсын!

Бүгін Павлодарда 193 адам баспаналы болды. Жыл соңына дейін тағы 200 пәтер тапсыру  жоспарланған. «Облыс бойынша 36  мыңнан астам адамның үй кезегінде тұрғанын ескерсек, бұл үрдіс жалғаса береді», - деді облыс әкімі.

Асайын Байханов, облыс әкімі:

- Бүгінгі сәтке жету үшін сабырлық білдіріп, шыдамдылық білдіргендеріңіз үшін шынайы алғысымды білдіремін. Әрине біз кезекті тезірек қозғауға барлық іс-әрекетті жасап жатырмыз. Дегенмен де кезекте тұрған халықтың саны қалың. Бүгінгі күні өңірімізде 36 мыңнан астам адам кезекке тіркелген. Достық шағын ауданы ары қарай да дамиды. Өздеріңіз білетіндей бұл ауданда жаңа үлкен жайлы мектеп құрылысы өтті. Бұл мектептен кейін қазіргі таңда балабақшаның құрылысы жоспарланған.

Қоныс той иелерін құттықтаған облыс әкімі жаңа ауданда жүзеге асатын ауқымды жобаларға тоқталды. Мұз сарайы, көпфункционалды спорт кешені мен конгресс-холл бой көтереді.

Авторлары: Қарлығаш Қасиетова, Дәулет Қошқарбаев, Марат Игіліков Павлодар

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz