Жосалы, Төретам және Арал теңізі станцияларының вокзалдарын қайта жаңарту аяқталды. Жұмыстар Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша еліміздің теміржол вокзалдарын жаңғырту бағдарламасы аясында жүргізілді.
Барлық үш нысанда қасбеттер, шатырлар, ішкі үй-жайлар, инженерлік жүйелер, перрондар және іргелес аумақтар жаңартылды. Энергия үнемдейтін терезелер мен алюминий витраждар орнатылып, вокзалдарға қажетті жабдықтар мен жиһаздар орнатылды. Әрлеу кезінде отандық өндірістің сұранысқа сай материалдары пайдаланылды.
Қызылорда облысында Тереңөзек және Жалағаш станцияларының вокзалдарын жаңарту жалғасуда.
Тегтер #24KZ #Қызылорда облысы #теміржол вокзалы #жаңғырту жұмыстары #Жосалы #Арал теңізі #Төретам #станцияPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz