Шымкент полициясы әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында TikTok-та балағат сөздер айтып, қоғамдық мораль нормаларын өрескел бұзған азаматты анықтады, деп хабарлайды «24KZ».
Тексеру барысында құқықбұзушының Қызылорда облысының тумасы, 23 жастағы Нұрболсын Жақсылық екені белгілі болды.
Аталған дерек бойынша тиісті шаралар қабылданып, сот шешімімен құқықбұзушы 7 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.
Полиция азаматтарға әлеуметтік желілерде қолданыстағы заңнама талаптарын сақтаудың маңызын ескертеді. Қоғамдық әдеп нормаларын бұзу және балағат сөздер қолдану заңда белгіленген жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз
Тегтер #Шымкент #полиция #әлеуметтік желі #қоғамдық тәртіп #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz