RU
Толық нұсқаға өту
Фото: ЖИ арқылы жасалған

Қазан айында қазақстандықтар қатарынан үш күн демалады

21.09.2026, 10:12 69

Қазан айында бес күндік жұмыс аптасымен еңбек ететін қазақстандықтар 10 күн демалады, деп хабарлайды 24KZ.

Күздің екінші айында елімізде ұлттық мереке – Республика күні аталып өтеді. Биыл 25 қазан жексенбіге сәйкес келеді. Осыған байланысты демалыс күні 26 қазан, дүйсенбіге ауыстырылады.

Осылайша, бес күндік жұмыс аптасындағылар 24, 25 және 26 қазанда қатарынан үш күн демалады.

1990 жылғы 25 қазанда Қазақ КСР-інің мемлекеттік егемендігі туралы декларация қабылданды. 2022 жылғы қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті заңға қол қойып, 25 қазанды ұлттық мереке – Республика күні ретінде белгіледі.

Айта кетейік, мектеп оқушыларының күзгі демалысы 26 қазанда басталып, 1 қарашаға дейін жалғасады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz