Абай облысында инвесторға қатысты әкімшілік іс қозғау кезінде заң талаптарын бұзған Экология департаменті басшысының орынбасарына айыппұл салынды, деп хабарлайды 24KZ.
Іс «KAZ Minerals Aktogay» ЖШС-не қатысты қозғалған. Алайда Экология департаменті заңда көзделген тексеруді жүргізбестен және мемлекеттік бақылаудың белгіленген тәртібін сақтамай, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғаған.
Прокуратураның наразылығынан кейін сот инвесторды әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы қаулының күшін жойды.
Сонымен қатар сот Комитеттің Экологиялық реттеу және бақылау саласындағы қызметіне қатысты жеке қаулы шығарып, анықталған заң бұзушылықтарды жоюды тапсырды.
Ал Экология департаменті басшысының орынбасарына 20 айлық есептік көрсеткіш, яғни 86 500 теңге көлемінде айыппұл салынды.
Тегтер #24KZ #24жаңалықтар #айыппұл #заңсыз әрекетPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz