RU
Толық нұсқаға өту
фото: Әзербайжан Қорғаныс министрлігі

Үш елдің әскерилері бірлескен оқу-жаттығу өткізеді

21.09.2026, 12:22 46

Әзербайжан, Түркия және Өзбекстан әскери қызметшілерінің қатысуымен «Бірлік күші – 2026» атты бірлескен әскери оқу-жаттығу өтеді, деп хабарлайды «24KZ».

Әзербайжан Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, оқу-жаттығу 3 кезеңнен тұрады. Әскери маневрлер Әзербайжандағы Қарабақ экономикалық ауданындағы Қызылкая оқу-жаттығу орталығында, Нахчыван Автономиялық Республикасындағы Қарабағлар оқу-жаттығу орталығында және Әзербайжанның Каспий теңізіндегі аумақтық суларында орналасқан Бүйүк-Зира полигонында ұйымдастырылады.

Маневрлерге үш елдің әскери қызметшілерімен қатар жауынгерлік техника, теңіз және әуе көліктері, сондай-ақ ұшқышсыз ұшу аппараттары тартылады.

Әзербайжан Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, оқу-жаттығудың негізгі мақсаты – әскери бөлімдердің бірлескен операцияларға дайындығын арттыру, өзара іс-қимылды жетілдіру және әскери дайындық рәсімдерін біріздендіру. Сонымен қатар оқу-жаттығу барысында әскерлердің жаңа жауынгерлік мүмкіндіктерін дамыту көзделген.

Ведомствоның мәліметінше, Түркия Қарулы күштерінің әскери қызметшілері мен авиациялық техникасы оқу-жаттығуға қатысу үшін Әзербайжанға келіп үлгерген.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz