RU
Толық нұсқаға өту
Фото: depositphotos.com

Риддерде ата-ана қамқорлығынсыз қалған үш бала тұрғын үй кезегіне қайта қойылды

21.09.2026, 14:24 49

Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласында прокуратураның араласуынан кейін тұрғын үй кезегінен заңсыз шығарылған үш жетім бала қайтадан кезекке қойылды, деп хабарлайды 24KZ.

Риддер қаласының прокуратурасы әлеуметтік осал топтардың тұрғын үймен қамтамасыз етілуіне қатысты жүргізген талдау барысында баспана кезегінде тұрған үш жетім баланың есептен заңсыз шығарылғанын анықтады.

Прокуратураның мәліметінше, оларды кезектен шығаруға қалада уақытша тұрмауы және бастапқыда тұрғын үй кезегіне қойылғанын растайтын құжаттардың жоғалуы себеп болған.

Прокурорлық қадағалау актісі негізінде аталған азаматтардың құқықтары қалпына келтірілді.

Үшеуі де бастапқы кезекке қойылған күндері сақтала отырып, тұрғын үй кезегіне қайта енгізілді.

Ведомствоның мәліметінше, әлеуметтік осал санаттағы азаматтардың тұрғын үй құқықтарын қорғау жұмыстары жалғасып жатыр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz