Маңғыстау облысында 44,5 келі бекірені заңсыз тасымалдаған жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды «24KZ».
17 қыркүйекте Маңғыстау облысының полиция қызметкерлері облыс прокуратурасының үйлестіруімен «Арлан» арнайы мақсаттағы бөлімшесінің жауынгерлерімен бірлесіп, «Құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу іс-шарасын өткізді.
Демалыс орындарының біріне жақын маңдағы тасжолда Toyota Camry автокөлігінің 29 жастағы жүргізушісі тоқтатылды. Көлікті тексеру барысында жүксалғыштан Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген бекіре тұқымдас балықтың 10 данасы анықталып, тәркіленді. Олардың жалпы салмағы 44,5 келі.
Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 339-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Тәркіленген балықтар сот сараптамасына жолданды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз
Тегтер #Маңғыстау облысы #полиция #күдікті #бекіре #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz