RU
Толық нұсқаға өту
Фото: depositphotos.com

Ақмола облысының тұрғыны бейтаныс курьерге 10 млн теңгесін бере салған

21.09.2026, 15:10 41

Көкшетауда тұратын 59 жастағы әйел алаяққа оңбай алданып қалды. Өзін полицей ретінде таныстырған алаяқ әйелге қысым жасап, ақшасын алып қойды, деп хабарлайды «24KZ». 

Ақмола облысының полиция депратаменті хабарлағандай, 59 жастағы әйелге алаяқ қоңырау соғып, қорқытқан. 10 млн теңгесін сенімді жерге тықпаса, одан айырылып қалатынын айтқан. Курьерге ақшасын бергеннен кейін алданғанын түсінген ол бірден полицияға барып, арызданған.

«Көкшетаудың полициясы жедел әрекет ете отырып, төрт сағат ішінде курьерді Астанадан тапқан. Курьер де алаяқтың арбауына түсіп, ол ақшаны басқа біреуге аударған. Абырой болғанда, курьер ақшаны түгел аударып үлгермеген. Полиция енді алаяқтық схемадағы түпкілікті күдіктіні анықтау үшін жедел тергеу бастаған», - деп хабарлайды Ақмола облысының баспасөз қызметі.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz