RU
Толық нұсқаға өту

Биыл 11 мың шақырым жолда жөндеу жұмыстары жүргізіледі

21.09.2026, 20:00 78

Анығын айтсақ, 3,4 мың шақырым тас жол жаңадан төселеді. Сондай-ақ 5 мың шақырым республикалық, 2 жарым мың шақырым жергілікті маңызы бар автожолдар жөнделеді. 

Ірі жобалар қатарында «Ақтөбе-Қызылорда», «Бейнеу-Сексеуіл», «Сарыағаш стансасын айналып өту», «Жаңаөзен-Түркіменстан шекарасы», «Орталық-Батыс» және «Қарағанды-Жезқазған» тас жолдары бар. Сонымен қатар «Бейнеу-Сексеуіл», «Ұлғайсын-Сексеуіл» және «Қызылорда-Сексеуіл» жобалары да ерекше маңызға ие. Дәл осы жобалар ел аумағы арқылы Қытай-Еуропа бағыты бойынша жүктерді жеткізу мерзімін үштен бірге қысқартуға, транзит уақытын үш тәулікке дейін азайтуға мүмкіндік береді. Көлік министрлігінің мәлімдеуінше, жергілікті тас жолдардың 91 пайызы талапқа сай. Ал республикада бұл көрсеткіш 94 пайызға жетті. 

Мақсат Қалиақпаров, ҚР Көлік вице-министрі:

- Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша елімізде көлік саласын жаңғырту жұмысы жалғасып жатыр. Негізгі мақсат – заманауи әрі тиімді логистика жүйесін қалыптастыру. Бұл экономикалық өсімге және Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді. Бүгінде көлік саласы – ел экономикасының маңызды драйвері. Оның ЖІӨ-дегі үлесі шамамен – 6 пайыз. Барлық көлік түрі бойынша ауқымды жобалар іске асуда. 

Жергілікті  жолдардың құрылысы бойынша Қарағанды облысы көш бастап тұр. Биыл аймақта 223 км жол жөнделеді. Ал Қостанай облысында 184, Солтүстік Қазақстанда 164 км жол жаңғыртылып, салынады. Қалған өңірлерде де құрылыс  қарқынды жүргізіліп жатыр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz