RU
Толық нұсқаға өту

Елде ет өндірісі өсті

22.09.2026, 08:00 49

Елде ет өндірісі артып келеді. Биылғы 8 айда 730 мың тоннаға жуық ет өндіріліп, былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 4,8 пайыз өсім көрсетті. Елеулі бөлігі ірі қара мен құсқа тиесілі.

Яғни қаңтар-тамыз аралығында 254 603 тонна сиыр, 77 829 тонна қой еті дайындалды. Ал жылқы еті 100 мың тоннаға таяп, құс етінің көлемі 250 мың тоннаға жуықтады.

Сондай-ақ экспорт та өсіп отыр. Мәселен, сұраныс жоғары сиыр етіне тоқталсақ. Биылғы жарты жылда 12 564 ірі қара еті экспортталса, 2 540 тонна өнім сырттан әкелінді. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz