RU
Толық нұсқаға өту

Әлемде балық етіне сұраныс жоғары

22.09.2026, 08:10 42

Әлемнің бірқатар елінде мал еті ғана емес, балыққа да сұраныс артты. Дүниежүзі бойынша жыл сайын 100 млн тоннаға жуық балық пен өзге де теңіз өнімдері ауланады.

Осы 100 млн тоннаның жартысынан астамы алты елдің – Жапония, АҚШ, Қытай, Перу, Чили және Ресейге тиесілі. 

Ендігі мәселе – балыққа сұраныс артқан сайын салада бәсеке де күшейді. Әсіресе ақсерке мен көксерке, тунец, бекіре, скумбрия сөреде жатпайды. 

Қытай әлемдегі балық өндірісі көлемінің шамамен 35 пайызын қамтамасыз етеді. Жыл сайын 68 млн тоннадан астам балық аулайды. Ал Еуропада балық шаруашылығы Норвегияда жақсы дамыған. Әсіресе ақсерке балығын өндіру мен экспорттау бойынша жетекші орындардың бірінде. Норвегия шаруашылықтарында балық өсіру үшін заманауи технологиялар қолданылады. Автоматты жүйелер қоректендірсе, дрондар олардың жағдайын және судың сапасын бақылайды. Соның арқасында 20 сантиметрлік шабақ шамамен бір жарым жылда 5 келілік балыққа айналады. Балықтың құндылығы оның етімен ғана шектелмейді. Асқазаны мен торсылдағына сұраныс жоғары.

Глэдис Окуму, балық сатушы

- Бұрын балық өте көп болатын. Ал қазір күні бойы ауласаң да, бар-жоғы бес Ніл алабұғасы түсуі мүмкін. Бүгінде балықтың асқазаны да алтынмен тең бағаланады.

Криспин Ньямвейя, Кения балық шаруашылығы институтының ғылыми қызметкері:

- Балықтың торсылдағы Оңтүстік-Шығыс Азияда жоғары бағаланады. Оны тағам ретінде де, косметика өндірісінде де пайдаланады. Әсіресе қартаюға қарсы косметика жасауға сұраныс бар. Сондықтан оның құны да жоғары.

Балықтың пайдасы оның құрамындағы пайдалы заттарға байланысты. Қызыл балық, скумбрия, сардина мен майшабақта Омега-3 май қышқылы көп. Ол жүрек пен ми жұмысына қажет. Сондықтан мамандар балық тағамдарын жиі тұтынуға кеңес береді. 

Эрик Римм, нутрициолог

- Балықты аптасына екі рет тұрақты тұтыну жүрек саулығына пайдалы. Ол ағзаға қажетті қоректік заттарды береді және жеңіл қорытылады. Әсіресе етті көп жейтін  адамдар үшін балық рационды әртараптандырудың жақсы жолы. Сондықтан оны ас мәзіріне жиірек қосып тұрған  абзал. 

Балықты өсіре білсе, оның пайдасы да көл-көсір. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бір адамға жылына 20 келіден кем емес мөлшерде балық етін жеуге кеңес береді. «Алайда климаттың өзгеруі мен табиғи апаттар балық шаруашылығының болашағына кері әсер етуі де мүмкін», - дейді мамандар. 

Авторы: Динара Қуандыққызы

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz