Алдағы екі жылда елдегі аквашаруашылықтардың өндіріс қуаты екі жарым есе артады. Ал балық тұтыну көлемі жан басына шаққанда 7-ден 9 келіге дейін жетеді. Мұны Ауыл шаруашылығы министрлігі мәлімдеді.
Бүгінде аквашаруашылығымен айналысатын 1200-ден астам кәсіпкер тіркелген. Солардың ішінде 73 компания шикізатты өңдейді. Былтыр елде өңделген өнім көлемі 37 мың тоннаға жетіп, алдыңғы жылдағы көрсеткіштен 24%-ға өсті. Тауар ішкі нарықпен қатар 21 мемлекетке экспортталады.
Тегтер #24KZ #балық #аквашаруашылық #өндіріс #тұтыну #өнімPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz