RU
Толық нұсқаға өту
Фото: polisia.kz

Дрондар жол ережесін бұзған 20 мыңнан астам жүргізушіні анықтады

22.09.2026, 09:23 45

Ішкі істер министрлігі заманауи технологияларды полицияның күнделікті қызметіне енгізіп, дрондар арқылы жол ережесін бұзған 20 мыңнан аса адамды анықтады, деп хабарлайды «24KZ» Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Бүгінде дрондар полиция қызметкерлеріне жолдағы жағдайды бақылауға, құқық бұзушылықтарды анықтауға және ақпаратты әуеден жедел алуға көмектеседі. Заманауи ұшқышсыз ұшу аппараттары камералармен жабдықталған. Бейнежазбаны нақты уақыт режимінде бере алады. Бұл технологиялар іс жүзінде өз нәтижесін көрсетіп отыр.

2026 жылдың сегіз айында дрондардың көмегімен жол ережесін бұзған  20 мыңнан астам көлік жүргізушілері анықталды. Оның ішінде қауіпсіздік белдігін тақпаған 3 198 көлік иесі, көлік жүргізу кезінде ұялы телефон пайдаланған 2 055 адам, қарсы қозғалыс жолағына шыққан 1 678 адам, сыртқы жарық құралдарын пайдалану қағидаларын бұзған 1 481 көлік жүргізушісі, маневр жасау қағидаларын бұзған 1 207 адам, басып озу қағидаларын бұзудың 771 рет жолда басқа көліктерді ережесіз басып озған адамдар, мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерінсіз көлікті жүргізген 87 адам бар.

Тағы 9 мыңнан астам адам басқа да жол қозғалысы ережелерін бұзған болып шықты.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz