Алматыда соңғы бес күнде айыппұлы бойынша ірі қарызы бар 20-дан астам көлік арнайы тұраққа қойылды. Бұл туралы қалалық полиция мәлімдеді, деп хабарлайды «24KZ».
Ең көп қарыз Қырғызстанда тіркелген BMW көлігінің иесінде болған – 1,7 млн теңгеден астам.
Көліктер «Қорғау» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында ақпараттық жүйелер мен бейнебақылау камералары арқылы анықталған. Көліктердің басым бөлігі шетелдік есепте тұр. Алайда олардың арасында қазақстандық мемлекеттік нөмірлі көліктер де болған.
Ұсталған көліктердің барлығы арнайы тұраққа жеткізілді. Полиция қарыз жиналған жағдайда көлік заңда белгіленген тәртіппен анықталып, ұсталғанын еске салды.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз
Тегтер #Алматы #полиция #айыппұл #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz